SPEAKER NIGHT:
"ВEНЧУРЛЫҚ ИНВЕСТОРДЫҢ КӨЗҚАРАСЫ: СТАРТАПҚА АРНАЛҒАН ҰСЫНЫСТАР"

Нарықта қандай стартаптар инвестициялық тартымды болып келеді? Стартап қалай бағаланады, венчурлік инвесторлар әдетте қандай схема бойынша жұмыс істейді? Осы сияқты сұрақтарға жауап беріп, тақырыпты тарқататын Speaker Night қонағы — Денис Калышкин
Speaker Night туралы

Денис Калышкин — I2BF Global Ventures инвестициялық компаниясының директоры, B2B-шешімдер саласындағы сарапшы (SaaS, AI, IoT, робототехника, AR/VR, Healthcare IT, Construction tech, т.б.). Денистің өз жобасын іске қосу тәжірибесі бар, оған қоса, әрбір стартап үшін сатылымдаар, инвестициялар, сараптама, банктердегі риск-менеджмент пен энергетика салаларында білімі бар.

Speaker Night барысында Денис венчурлық инвестициялау жүйесінің жұмысы мен стартапқа инвестициялар тарту схемасы жайлы әңгімелейтін болады. Сізге керекті венчурлық инвесторды қайдан және қалай іздеу керектігін, стартапты бағалау барысы мен жобаларды іріктеуде VC нені ескеретінін білесіз.





Спикер:

Денис Калышкин
I2BF Global Ventures инвестициялық
компаниясының директоры

Категория:

Speaker Night
Күні:
27 қараша

Уақыты:
17.00

Орны:
ZOOM конференциясы