Талаптары:
  • Жоғары кәсіби (экономикалық және/немесе заңгерлік) білім;
  • Тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алуды жүзеге асыруды, шарттар жасасуды, есепке алуды және құжаттаманы жүргізуді регламенттейтін азаматтық, әкімшілік және қаржылық құқық саласындағы Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін білу;
  • Бейрезиденттермен құқықтық қатынастар бөлігінде Қазақстан Республикасы заңнамалық актілерінің нормаларын білу;
  • Тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алу тәртібін білу;
  • Заңды тұлғалардың ішкі құжаттарын жасау және бекіту тәртібін білу;
  • Сатып алу туралы шарттарды жасау, ресімдеу және тіркеу тәртібін білу;
  • Құжаттарды жүйелеу, есепке алу, жүргізу тәртібін білу;
  • Сатып алу жоспарын құра білу;
  • Goszakup.gov.kz, eep.mitvork.kz сатып алу веб-порталдарында жұмыс істей білу;
  • Біліктілікті арттыру сертификаттарының болуы құпталады.
Бос жұмыс орны:

Сатып алу жөніндегі менеджер


Қажетті жұмыс тәжірибесі:

4 жыл
Жұмыспен қамту түрі:

Толық күн
Міндеттері:
  • Ағымдағы немесе келесі қаржы жылына сатып алу жоспарын жасау;
  • Сатып алу жоспарына өзгерістер енгізу ;
  • Қордың тауар, жұмыс және қызметтерді сатып алу ережелерінде қарастырылған тәсілдермен сатып алуды жүзеге асыру;
  • Тауарлар, жұмыстар мен қызметтерді жеткізушілердің келісімшарттарына құқықтық сараптама жүргізу;
  • Сатып алу бойынша құжаттамаларды әзірлеу мен келісуді жүзеге асыру: бұйрықтар, шақырулар, хаттамалар, шарттар (қажет болған жағдайда) және т. б.;
  • Құжаттаманы жүргізу және жүйелі есепке алу және сақтау;
  • Сатып алу шарттарының тізілімін жүргізу;
  • Сатып алу жоспарының орындалуына мониторинг жүргізу;
  • Өткізілетін сатып алулар бойынша ақпараттың интернет-ресурстарда орналастырылуын бақылау;
  • Тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді сатып алу жүйесін жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізу.

    Отправить резюме