Жаңалықтар

Қазақстанда үздік он IT-стартап анықталды

Стартаптар
Үздік IT-стартаптардың рейтингісі — инновациялық және технологиялық өнімдер мен қызметтерді әзірлейтін және нарықтағы маңызды проблемалық мәселелерді шешетін қазақстандық үздік IT-стартаптардың жыл сайынғы жалпыұлттық тізімі.
Рейтинг нарықтағы отандық IT-стартаптар арасында табысты ойыншыларды анықтауға, IT-кәсіпкерліктің дамуын ынталандыруға және Қазақстанда инновациялардың даму векторын белгілеуге мүмкіндік береді.
Үздік стартаптар тізімі:
Orion M2M — IoT құрылғылары, LoRaWAN стандарты бойынша жасалған энергияны үнемдейтін желілерге арналған бағдарламалық жасақтама;
Cerebra — жасанды интеллект жүйесін пайдалана отырып, компьютерлік томографияның суреттері арқылы ерте сатыларда адамның инсульт дәрежесін анықтауға мүмкіндік беретін жүйе;
Citix — адамный қалада жайлы тұрақтауына арналған интеллектуалды көліктік ақпараттық-навигациялық жүйе;
Clockster — микро, шағын және орта бизнеске арналған HR жүйесі, клиенттерге тәртіпті жақсартуға, жоғалған пайданы азайтуға, жұмыс кестесін құруды автоматтандыруға және ішкі байланысты жақсартуға көмектеседі.    
OKOO — мұғалімдерге информатика сабақтарын тиімді өткізуге және балаларға оқу процесін қызықты етуге көмектесетін онлайн-білім беру платформасы;
Campeat — бұл кәсіпорындар үшін жасанды интеллектке негізделген, тымық уақытта сағаттық трафикке қол жеткізуге және дүкендердегі сатылымдарды арттыруға мүмкіндік беретін маркетингтік платформа;
i-GUARD — жаңа буынның бейне сараптамалық шешімі. Жүйе кеңістікті интеллектуалды талдауды және нақты уақыттағы "шұғыл" жағдайларды анықтауды қамтамасыз етеді;
Supermomsclub.app — жүктілікті дұрыс жүргізуге және нәресте өлімінің қауіпін азайтуға көмектесетін жүкті әйелдерге арналған мобильді қосымша;
QuantDART — Еуразиядағы сандық активтерді қауіпсіз, реттемелі және инновациялық жолмен басқару платформасы;
Paloma365 — тамақтану қоймасы, сауда және қызмет көрсету салаларын бақылауға, сатылымдарды есептеу мен автоматтандыруға арналған бұлт сервисі.
Байқаудың қазылар — алқасы белгілі IT-кәсіпкерлер, венчурлық инвесторлар және бизнес-періштелер: Ольга Афанасьева (UVCA), Мурат Абдрахманов, Ануар Сейфуллин (Quest Ventures), Санжар Сулейманов (Tech Garden Ventures), Арташес Григорьян (Centras Ventures), Мират Ахметсадыков (MOST Ventures), Серік Шакарим (Seedstars Kazakhstan), Тарас Волобуев (AIFC Fintech), Диас Кажахметов (Qaztech Ventures).
Жоба серіктестері арасында Tech Garden Ventures, UVCA, Seedstars Kazakhstan, Centras, AIFC Fintech кәсіпорындары, MOST, Central Asian Angel Investors Club, QazTech Ventures бизнес-инкубатолары қатысып отыр. Жобаның медиа серіктесі — инвестиция мен венчурлық капитал жайлы жазатын Украинадағы алғашқы және ірі онлайн медиа-басылым — InVenture.
Естеріңізге сала кетсек, рейтингке енген стартаптар өз жобалары туралы бүкіл Қазақстанға және одан тыс жерлерге жариялай алады; Astana Hub қатысушысы бола отырып, салықтық жеңілдіктерге ие болады; 100 және одан да көп инвесторларға қол жеткізуге мүмкіндік алады. Үздік 10 стартап Seedstars Kazakhstan-нан инвестициялар тарту бойынша ұсыныстармен қатар, жеке менторлық және инвестициялық іс-шараға іріктеліп, шақыру алады.
Бұдан бөлек, OrionM2M, Cerebra және Citix стартаптары серіктестер мен ұйымдастырушылардан арнайы сыйлықтарға ие болады.