Жаңалықтар

Террикон алқабы акселераторы: 11 стартап шетелде сатылым жасады

Стартаптар
26 қазақстандық IT және digital аутсорс-компания Қарағанды IT-хабы "Терриконовая долина" акселераторынан өтті. Оның ішінде 11 стартап шетелде сатылым жасады. Акселерация бағдарламасы қатысушыларының түсімі орташа есеппен 24%-ға артты. Стартаптар 81 жұмыс орнымен қамтамасыз етті.
Жоба Қазақстан Республикасының цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі Министрлігінің және Орталық Азиядағы ең ірі IT-стартаптар технопаркі Astana Hub-тың қолдауымен іске қосылды.
Оқыту бағдарламасы дәрістерден, воркшоптардан және төмендегі тақырыптар бойынша менторлар және сарапшылармен болған жұмыстардан тұрды:
●    мақсатты нарық пен бәсекелестерді зерттеу;
●    мақсатты клиенттің портреті мен ұсыныс құндылығының сипаттамасы;
●    тапсырыс берушінің талғамына орай өнімді дайындау;
●    келісімдердің біліктілігі және pipeline сатылымдарын теңшелеу;
●    масштабталу.
Акселератор қатысушылары үшін шетелдік сарапшылармен воркшоп сессиялары ұйымдастырылды:      
●    Билл Кенни — халықаралық нарыққа шығу, жылдам өсу және инвестиция табыстылығын ұлғайту (ROI) бойынша американдық маман АҚШ-та бизнес бастау тәжірибесімен бөлісті;
●    Скотт МакГрегор — Something New LLC негізін қалаушысы және бас директоры, "Standing О!"және" Standing О! Encore" кітаптарының авторы 1 желтоқсан күні болған вебинарда сатылымдар және шетелдік клиенттермен жұмыс жасау бөлімдеріне адамдарды жалдаудың қыр-сырымен бөлісті;   
●    Джон Харли "АҚШ-тағы IT-компанияларға қалай сатуға болады?" тақырыбында сөз сөйледі.
Акселерация бағдарламасының үздік нәтижелері:
●    Legend technologies — сайтты дайындау мақсатында Канадамен 15 мың АҚШ долларына алғашқы экспорттық мәміле жасады;
●    Qmind — $72 мың инвестиция тартты. Стартап бағдарламашылар тобын тартып, кеңсені жалға алды, өз өнімін әзірлеуді бастады;
●    Local pay — 92,5 мың рубльге дейін сатылым жасады, бастапқыда 0-ден бастаған еді;
●    ЖК "Ахкомов" — мәміле жасасу уақытын 1 жылдан 2 аптаға дейін қысқартты, өнімнің 3 сатылымы жасалды;
●    Нобель — кірісті 20%-ға арттырып, телемедицина саласында жұмыс істей бастады;
●    CVETOgis — табыс 6 млн теңгеге дейін ұлғайды. Штатқа маркетолог және таргетолог жалданды. 3 жаңа қалада ашылды;
●    SMM-зертхана — жылына 750 млн теңгеге сатылым жасау іске қосылды. Алғашқы сатылымдардағы пайда 350 мың теңгені құрады;
●    Datcom — сатылым көлемі 400%-ға артты, өнімді Ресей нарығына сертификаттауды іске қосты.
ҚР ЦДИАӨМ және Astana Hub жобасы аясында "Терриконовая долина" қарағандылық IT-хабы стартаптар мен IT-компанияларға арналған инкубация және кәсіпкерлікті қолдау бағдарламаларын өткізді.
Инкубатор: жобаға қатысу үшін 93 команда өтті, оның ішінде 77 стартап оқуды аяқтады, 14 команда сатылым жасады. Инкубация бағдарламасының Demo Day іс-шарасы 22 желтоқсан күні өтті және 20 команда 6 апта ішіндегі оқу нәтижелерімен таныстырды. Қазылар алқасы өз жобаларын дамытуға арналған бастапқы соманы алатын 3 үздік жобаны анықтады.
-      1 орын — Калиева Аида, 70 мың теңге жүлдегері;
-      2 орын — Меньшикова Александра, 50 мың теңге жүлдегері;
-      3 орын — Соколова Мария, 30 мың теңге жүлдегері.
Инкубация бағдарламасының үздік нәтижелері:
●    Илларионова Екатерина жобасы — 46 сатылым, жұмыс орындарының саны 4-ке артты, MVP сатысына жетті;
●    Муханбетрахимова Асланның жобасы — қызметтің пилоттық нұсқасын іске қосуды жүргізу үшін үш клиентпен келісім жасасты, сатылым каналдарына шықты;
●    Соколова Марияның жобасы — стартап АҚШ-та алғашқы сатылым жасауға мүмкіндік берген тегін сатылым каналдары туралы ақпарат алды;
●    Ахтойкенова Зухра жобасы — өнімнің сынақтамасы жасалды (CustDev);
●    Александра Меньшикованың жобасы — стартап прототиптік қосымшаның экрандарын жасап, оларды қолданушылар арқылы тексеріп көрді;
●    Владислав Луканиннің жобасы — идеядан бастап жоба концепциясы ойластырылды, қазірде өнім MVP-үлгісін жасау сатысында;
●    Ақжол Бртай жобасы — өнімнің минималды үлгісі жасалды.
Александр Дорошенко, "Терриконовая Долина" технопаркінің негізін қалаушысы: "Мен Қарағанды қаласында туып, оқып, жұмыс істей бастадым. Қаланың даму тарихынан оның көптеген талантты мамандардың отаны екені және бүгінгі күнге дейін жақсы кадрларды, соның ішінде IT саласында даярлайтын техникалық жоғары оқу орындары мен колледждерде мықты ресурстардың барын дәлелдейді. Өз кезегімізде біз Қарағандының экожүйесін дамыту міндетін алға қойып отырмыз.
2017 жылдан бастап "Терриконовая долина" жобасын белсенді түрде дамыта бастадық. Осы кезеңде біз өз қаражатымызға іс-шаралар өткіздік, әлеуметтік желілерде белсенділік таныттық, студенттер мен мамандарды тегін оқыттық, сондай-ақ IT-компаниялардың жергілікті қауымдастығын іске қостық. 2020 жылы тұрақты түрде іс-шаралар өткізіп тұру үшін өз кеңістігімізді іске қосу қажеттігін түсіндік. Біз бұл жобаны экономикалық тұрғыдан тиімді ету жолын түсінеміз, бірақ жұмыстарды орындау үшін алғашқы бірнеше жыл бойы тапсырыстар түрінде мемлекеттен қолдау қажет болады.
Акселератор мен инкубатор бағдарламаларын өткізуде қолдау көрсеткендері үшін ҚР ЦДИАӨМ, Astana Hub және Қарағанды облысының басшылығына алғысымды білдіргім келеді".