Жаңалықтар

Astana Hub тәжірибесін аймақтарға жеткізеді: Қазақстанның 13 өңірі инкубация бағдарламасынан өтті

Стартаптар
Бағдарламаға барлығы 13 қала қатысты: Ақтау, Павлодар, Қызылорда, Қостанай, Атырау, Алматы, Шымкент, Талдықорған, Көкшетау, Өскемен, Түркістан, Тараз, Орал қалаларының стартап-жобалары. Әр өңірден технологиялық шешімі бар 15 стартап-жоба оқудан өтті. Инкубация барысында стартаптар 193 жұмыс орнын құрды.
"Біздің басты мақсатымыз — Қазақстан өңірлеріндегі қатып қалған стереотипті бұзып, стартап-қозғалысты жол ашу. Сол себепті біз өңірлердегі стартаптарға жұмыс істейтін модельді тауып, IT-стартаптардың түсініктемесі, негізгі ұғымдары және қолданылатын тәсілдерімен таныстырып, өңірлердегі стартап мәденитеінің негізін қалауға көмектесетін бағдарлама ұйымдастырдық. Бұл — Қазақстан өңірлерінде технологиялық кәсіпкерлікті дамытудағы біздің алғашқы қадамымыз. Бағдарлама сәтті өтті деп санаймыз: өңірлер өте жақсы жұмыс істеп, жауапкершілікпен қарады. Енді осы бағытты ұстанатын боламыз. Қазіргі кездегі Astana Hub-тың басым міндеттерінің бірі — бүкіл Қазақстан бойынша технологиялық кәсіпкерлердің сыни массасын құру және дамыту", — деп хабарлады Astana Hub бағдарламалар департаментінің директоры Жанибек Малика.
Astana Hub баспасөз қызметі хабарлағандай, апта сайын әрбір стартап үшін бизнес-трекерлермен кездесу өткізіліп, олар жобаға дұрыс бизнес-модель құруға, гипотезаларды сынауға, өзінің мақсатты аудиториясын табуға және актуалды маркетингтік жоспарды құруға көмектесті. Сонымен қатар, IT-стартаптардың жұмысымен, пайдаланатын метрикалары және тәсілдерімен таныстыратын воркшоптар мен консультациялар (әр өңірде 50 сағаттан) өткізілді,