Жаңалықтар

Қазақстанның барлық өңірлерінде стартаптар индустриясын дамыту үшін Astana Hub аймақтық серіктестер іздеу үстінде

Astana Hub
Astana Hub Regional Incubation бағдарламасының іске қосылғандығы туралы хабарлайды. Жобаның (жаңа бастаманың) басты міндеті - жергілікті стартаптарға жобаларын дамытуға көмектесу және еліміздің әрбір өңіріндегі IT саласындағы мамандар қоғамдастығының (комьюнити), технологиялық кәсіпкерлердің, сондай-ақ технопарктердің қызметін нығайту.
Astana Hub Regional Incubation бағдарламасын іске асыру мақсатында өз қаласында Astana Hub стартап-жобаларының инкубациясын жүзеге асыра алатын аймақтық серіктестерді іздейді. Серіктестер ретінде жұмыс істейтін инкубаторлар, акселераторлар немесе технопарктер қарастырылады.
Astana Hub болашақ серіктестеріне барлық қажетті қолдауды көрсететін болады, яғни:
  • инкубаторды дамытудағы қаржылық көмек;
  • стартаптар тобын жинаудағы көмек;
  • Astana Hub командасының кеңестері мен зияткерлік қолдауы;
  • Astana Hub ресми серіктесі мәртебесі;
  • PR-қолдау.
Regional Incubation бағдарламамының болашақ серіктестеріне қойылатын талаптар:
  • жергілікті атқарушы органдармен әріптестік қарым-қатынаста болу;
  • инкубатордан өткен және идея сатысындағы стартаптарды жүзеге асыру;
  • салық берешегінің жоқтығы және бухгалтерлік баланстың болуын растау;
  • жұмысшылар штатыныңы болуы.
Жобаға іріктелген аймақтық серіктестер кәсіби трекерлер мен менторларды тартып, оларға 6 апта ішінде инкубация бағдарламасын өткізуі тиіс.
2020 жылдың соңына дейін технопарк Қазақстанның барлық облыс орталықтарын қамтуды жоспарлап отыр: Шымкент, Алматы, Павлодар, Қостанай, Ақтөбе, Тараз, Атырау, Талдықорған, Петропавл, Өскемен, Семей, Қызылорда, Орал, Түркістан, Көкшетау, Ақтау.
Regional Incubation бағдарламасына өтінім қабылдау 2020 жылдың 16 қазанына дейін жалғасады, ал байқау нәтижелері 2020 жылдың 19 қазанында жарияланады. Бағдарлама ресми түрде 2020 жылдың 26 қазанында іске қосылады.
Өтінім беру үшін қатысушы сауалнаманы толтырып, қажетті құжаттарды қоса беруі қажет https://accelerator.astanahub.com/regionalincubation