Жаңалықтар

Astana Hub серіктесі өз компаниясына шешім енгізу мақсатында қызмет агрегаторын іздеуге байқау жариялады

Стартаптар
Ізденіс мақсаты — қызмет көрсетушілердің базасын қамтитын технология түрінде OpenSky чартерлік рейстер платформасындағы тауарлар мен қызметтерді агрегациялау функциясы бар шешімдерді иелену немесе біріктіру.
Стартап шешімі келесі бағыттардың бірін қамтуы керек:
-      мейрамханалар мен тамақтану компаниялары және борттық тағамды таңдау агрегаторы, ;
-      қонақ үйлер мен үй-жай ұсынатын, яғни орналасу қызметтерін ұсынатын агрегатор;
-      жолаушылар мен экипаждарды тасымалдауға арналған трансфер қызметін көрсетушілердің агрегаторы;
-      ҚР әуе кемелеріне отын құюға арналған авиаотынды жеткізушілер агрегаторы.
Жобаға қойылатын негізгі критерийлер мен талаптар:
-      технологиялық шешім өтініш берушінің жеке жобасы болуы керек;
-      өтінім берген кезде стартап-жобаның презентациясы да қоса жүктелуі тиіс;
-      MVP және одан да жоғары сатыдағы дайын шешімнің немесе стартаптың болуы маңызды;
-      шешімнің немесе стартаптың құны жылына шаққанда 10 миллион теңгеден аспауы тиіс.

Өтінімдерді қабылдау мерзімі: ағымдағы жылдың 5 желтоқсанына дейін. Өтінімді конкурс сайтында беруге болады.