Жаңалықтар

Astana Hub жариялаған сәулет-құрылыс саласындағы инновациялық шешімдерді іздеу байқауының жеңімпаздары анықталды

Инвестициялар
Astana Hub Dimpluse және Propilon компанияларымен бірлесіп, сәулет-құрылыс саласындағы технологиялық шешімдер мен инновациялық жобаларды іздестіру байқауының қорытындысын шығарды.
Байқаудың жеңімпазы WOODKZ командасы атанды. Олар үйлердің сандық конструкторы, электрондық құжат айналымы және құрылысты онлайн-бақылау қызметтерімен айналысады.
Байқауға қатысу үшін барлығы 26 өтінім келіп түсті, үш іріктеу турының қорытындысы бойынша финалға 4 жоба жіберілді:

жобаны қашықтан басқару жүйесі - DOcloud;
визуализациялау платформасы (VR\AR\Interactive Technologies\GameDev) және BIM жобаларының жұмысына арналған платформа - VIZBUILD;
бастапқы сызбаларды 3D визуализацияға түрлендірудің IT-шешімі - QZhub;
үйлердің сандық конструкторы, электрондық құжат айналымы және құрылысты онлайн-бақылау қызметтері - WOODKZ.

Жобаны сатып алу мен инвестиция құюдың жалпы жылдық бюджеті 28 миллион теңгені құрады. Жобалардың таныстырылымы мен бизнестегі инновациялар туралы толығырақ келесі бейнеблогтан біле аласыздар https://youtu.be/aIJxqJBGDQE .